Биыл 11 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл 11 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл 11 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөзі
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 99,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (69,6%) - Өзбекстаннан, 10,5% – ҚХР-дан, 7,1% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,3% - басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%) және Жамбыл (6,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларында қоныстанды. Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны - 59,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар - 27,1% және зейнеткерлер - 13,4%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 12,3% - жоғары білімді, 38,9% - арнайы орта білімді, 47% - жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.