Бигелді Ғабдуллинның ісі сотта қаралады

Бигелді Ғабдуллинның ісі сотта қаралады

Бигелді Ғабдуллинның ісі сотта қаралады
ашық дереккөзі
CentralAsiaMonitor бас редакторы әрі Radiotochka.kz директоры Бигелді Ғабдуллинге қатысты іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. «Қазіргі уақытта Б.Ғабдуллинге қатысты сотқа дейінгі өндіріс аяқталды және іс жүзінде қаралу үшін Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді», – деп мәлім етті Астана қалалық прокуратурасы. Естеріңіге сала кетейік, өткен жылдың 16 қарашасында Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының санкциясымен Бигелді Ғабдуллин тұтқынға алынған болатын.   Ғабдуллин «Central Asia Monitor» және «Radiotochka.kz» бұқаралық ақпарат құралдарының пайдасына бюджеттік қаржыны алу үшін бопсалау әрекетіне барды деп айыпталған болатын. Ол өз құзырындағы бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, мемлекеттік орган жетекшілерінің іскерлік абыройына нұқсан келетін материалдарды жариялау арқылы оларға ақпараттық шабуыл жасаған. Алдағы уақытта сынауды тоқтату үшін Ғабуллин лауазымды тұлғалардан өз медиа ресурстарына мемлекеттік тапсырыстар талап еткен. Олар өз кезегінде Ғабдулиннің компаниясын қолпаштап, мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарттар бекітуді қамтамасыз еткен. Осыдан кейін ғана олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жарияланып отырған. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінен Ғабдуллин 10 миллион теңге көлеміндегі қаражат бопсалаған. Дәл осы тәсілмен 7 мемлекеттік орган Ғабдуллинге мемлекеттік тапсырыс алып берген.