«Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы Қазақстанға келеді

«Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы Қазақстанға келеді

«Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы Қазақстанға келеді
ашық дереккөзі
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы, ұлыбританиялық Энди Маррей Astana Open ATP 500 жарысында ойнайды деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап. Маррей жарысты ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған. Энди – үш бірдей «Үлкен дулыға» додасында (Wimbledon – 2013, 2016, US Open-2012) үздік шығумен бірге теннис тарихында ерлер арасында жекелей сында екі мәрте Олимпиада чемпионы атанған жалғыз спортшы. Айта кетейік, 1-9 қазан аралығында елордадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығында өтетін айтулы додада Э.Маррейден басқа «Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпиондары: Даниил Медведев (US Open-2021), Марин Чилич (US Open-2014) және Стэн Вавринка (Australian Open-2014, Roland Garros-2015, US Open-2016) бақ сынайды.