ЭКСПО-2017 көрмесінің кәдесыйлық билеттері сатылады
ЭКСПО-2017 көрмесінің кәдесыйлық билеттері сатылады
«ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған кәдесыйлық билеттер жақын арада сатылымға келіп түседі. Бұл туралы ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми билет операторы Виталий Лю мәлімдеді, деп жазады strategy2050.kz.
«Кәдесыйлық билет 20 мың теңге тұрады. Олардың саны шектеулі. Олар бархат кітапшасы ретінде ерекше дизайнмен шығарылған. Бұл билеттің бағасына және аздығына орай өзінің артықшылығы бар», - деді Виталий Лю. Сондай-ақ, ол 10 желтоқсанда Астана мен Алматыда ресми кассалар ашылғандығын айтты. «Билеттер барлық жерде бір бағамен сатылуда. Сайт немесе кассадан алсаңыз да бір бағаға шығады. Билеттер төрт түрге бөлінеді, 4 мыңнан белгіленген датасы бар, 6 мыңнан жұмыс күндеріне арналған ашық уақыттағы билеттер сатылды. Демалыс күндері аталмыш билеттер екі мыңға қымбат тұрады. Демалыста қымбат болудың себебі контент барынша толтырылатын болады», – деді В.Лю. Сондай-ақ, арнайы билет әлі түспеген 4 арнайы көрме бар. «Бұл көрменің ашылып жабылуы, Астана күні мен ҚР Конституция күні. Бұл мерекелік күндері ауқымды шаралар өткізіледі. Билеттердің болжамдық бағасы 12 мың теңгені құрап отыр. кәдесыйлық билетті сатып алу көрменің кез келген күніне баруға мүмкіндік береді», – деді ол. В.Лю айтып өткендей, көрме жоспарында 5 млн билет жүзеге асырылды. «Біз 5 млн келушілер 93 күнде сапарлайды деп болжап отырмыз. Оның 15-20 пайызы өзге елдердің азаматтары болса, 80-85 пайызы отандастырымыз болмақ», – деді ол.