Қазақ әншісі әлемдегі ең қымбат клип түсірді (ВИДЕО)

Қазақ әншісі әлемдегі ең қымбат клип түсірді (ВИДЕО)

Қазақ әншісі әлемдегі ең қымбат клип түсірді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жаңа туындысы үшін қыруар қаржы жұмсалғанын жазды деп хабарлады turkystan.kz.

««The Story of One Sky»атты жаңа шығармама әлемдегі ең қымбат клип түсірдім. Мен бұл шығарманы 3 жыл бұрын жаза бастадым. Композицияның ұзақтығы шамамен 12 минут» деп жазды әнші инстаграмдағы парақшасында.
Музыкалық фильмнің сценарийін әншінің өзі жазған. Ал премьерасы жақын арада болады. Айта кетсек, әнші клипті түсіруге нақты қанша қаржы жұмсалғанын жарияламады. Десе де әлемдегі ең қымбат клип өзіне тиесілі екенін аңғартты. Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде жаңалығымен бірге видео жариялады. Бірақ оның атаған оқиғаға қаншалықты байланысы бары белгісіз.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)