Ұрланған терминалдар даладан табылды

Ұрланған терминалдар даладан табылды

Ұрланған терминалдар даладан табылды
ашық дереккөзі
Қырғыз Республикасының Араван өлкесінде терминал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды деп хабарлады turkystan.kz. Биылғы  2 қыркүйек күні таңғы сағат 3:00 шамасында белгісіз азаматтар Араван ауданы Гүлбар ауылындағы дүкендердің бірінде орналасқан «Нұр Телеком» және «Скаймобил» компанияларының терминалдарын ұрлап кеткен. Осыдан кейін Араван аудандық ішкі істер бөліміне терминалдың ұрланғаны туралы арыз түскен. 6 қыркүйекте Араван АІІБ-нің қылмыстық іздестіру бөлімі жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде терминалдарды ұрлаған күдіктілер ұсталды. Күдіктілер 27, 24, 23 жастағы және 22 жастағы екі жігіт. Тергеу барысында бұл қылмыстық топтың Өзген, Қарасу аудандары мен Нарын облысындағы терминалдарды ұрлағаны белгілі болды. Сондай-ақ Қырғызстанның басқа аймақтарында да мұндай қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Олар ұрланған терминалдарды елсіз жерге апарып бұзған және далада қалдырып кеткен.