Қостанайдағы өрттен 222 шошқа қырылып қалған

Қостанайдағы өрттен 222 шошқа қырылып қалған

Қостанайдағы өрттен 222 шошқа қырылып қалған
ашық дереккөзі
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аймақтың ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бүгінде арнайы құрылған комиссия өрт салдарынан шығын келген мал мен құстың санын есептеп жатыр. Ол жұмыстарға ветеринариялық станциялардың 23 техникасы мен 37 маманы жұмылдырылды. Қазіргі ақпаратқа сәйкес, Әулиекөл ауданы бойынша 30 бас ірі қара мен 2 ұсақ мал, 105 бас шошқа және 130 құс шығыны болды. Қарасу ауданы бойынша 8 бас ірі қара, 117 бас шошқа, сонымен қатар 582 құстың өлексесі табылды», - деді Ақат Шектібаев.
Оның мәліметінше, шығындар толық өтеледі. Ол үшін жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлінеді. Ақат Шектібаевтың айтуынша, өтемақы алу үшін зардап шеккен азаматтар тиісті дәлелдемелер ұсына отырып, жергілікті құзырлы органға арыз жазуы керек. Кейін аталған екі аудандағы нарықтық бағаға сәйкес, олардың шығыны өтеледі.