Бесінші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

8 қыркүйек, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Бесінші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады Ресейдің Чита қаласындағы мектептердің бірінде білім алатын бесінші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған деп хабарлады turkystan.kz. Жергілікті БАҚ мәліметінше, бала өз үйінде өз-өзіне қол жұмсаған. Забайкалье өлкесінің денсаулық сақтау министрлігі бесінші сынып оқушысының өлімін растады. Оқиға жайлы дерек 5 қыркүйекте тіркелген. Қайтыс болған бала оқыған мектеп директоры да оқиғаны растады.
«Оқиға үйінде болған. Басқа артық ештеңе айта алмаймын», - деді мектеп директоры.