Министр Қостанайда өрттен зардап шеккендерге баспана салуға қанша қаражат бөлінетінін айтты

Министр Қостанайда өрттен зардап шеккендерге баспана салуға қанша қаражат бөлінетінін айтты

Министр Қостанайда өрттен зардап шеккендерге баспана салуға қанша қаражат бөлінетінін айтты
ашық дереккөзі
Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге баспана салуға 2,3 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Министр бұл қаржыға Әулиекөл маңында 4 бөлмелі 91 баспана салынатынын жеткізді. Үй салуға арнайы жер беріледі. Баспана сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Қаражат Үкімет резервінен бөлінеді.
«Қазір бірінші бюджеттік өтінім келді. Әр үйге 25 млн теңге бөлінетін болады. ...Әр үй жүз шаршы метрге салынады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында.