Путиннің Қазақстанға қашан келетіні айтылды

8 қыркүйек, 2022 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Путиннің Қазақстанға қашан келетіні айтылды Ресей президенті Владимир Путин 12-14 қазан аралығында Нұр-Сұлтанға келеді деп хабарлады turkystan.kz  РИА Новости-ға сілтеме жасап. Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путин Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және ТМД саммитіне қатысатынын мәлімдеді.
«Ресей президенті Нұр-Сұлтанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысады және сол жерде ТМД саммиті өткізіледі. Іс-шара қазан айының ортасына – 12-14-і аралығында өтеді», – деді Ю.Ушаков журналистерге берген жауабында.
Сонымен қатар, Ушаковтың айтуынша, Қазақстанда Путинмен өтетін кездесуді жоғары деңгейде, «Ресей – Орталық Азия» форматында өткізу жоспарланып отыр.