Абай облысында өрт сөндіруші қаза тапты

Абай облысында өрт сөндіруші қаза тапты

Абай облысында өрт сөндіруші қаза тапты
ашық дереккөзі
Абай облысында шыққан өртті сөндіруге барған ТЖД қызметкері қайтыс болды. Куәгерлердің сөзінше, 37 жастағы жігіт қызыл жалынның ортасында қалып қойған деп хабарлады turkystan.kz. Azattyq Ruhy сайтының мәліметінше, Төтенше жағдайлар министрлігі Айдос Тоғызбаевтың қайтыс болғанын растады. ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсететіндерін хабарласа, департаменттің психологтары марқұмның туыстарымен жұмыс істеп жатыр.
«7 қыркүйекте сағат 13:35-те 112 кезекші пультіне Абай облысы Жарма ауданының Бозжыра ауылдық округі Бірінші ауылының учаскесінде құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына №22 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жіберілді. Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті. Табиғи өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру автоцистернасы Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының өрт сөндіруге су жеткізетін КАМАЗ 12 текше метр су алды. Осы кезде жел бағытының өзгеруі салдарынан өрт автоцистернаға қарай аумақты шарпыды. Техникаға арналған эвакуациялау жолдары барлық жағынан отқа оранып, биіктігі екі метр ағаш өртенді», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер өрт-техникалық қару-жарақты жинауды тоқтатып, шұғыл эвакуациялауға кіріскен. Бірақ автоцистерна мен КАМАЗ су тасымалдаушы көлігі толығымен жанып кетті. Өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков пен жүргізуші-қызметкер Айдос Тоғызбаев, өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрлан Салимжан өрттің ортасында қалып, күйіп қалған. Қызметкерлер Жарма ауданы Шар қалалық ауруханасына жатқызылды.
«Өрт аумағы 500 га құрады, өрт 8 қыркүйекте сағат 5.40-та сөндірілді. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 14 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Айдос қатты күйік алып, жарақатынан ауруханада көз жұмды. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін азаматтық қорғау сержанты Айдос Ерұланұлы Тоғызбаев қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылды», - делінген хабарламада.
36 жастағы жігіттің артында жесірі мен бес баласы қалды. Ол азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бастап қызмет еткен.