Жаңалықтар

Өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді

ашық дереккөзі

Өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді

Әулиекөл ауданында табиғи өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына қажетті оқу құралдары табысталды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы хабарлады. Аманқарағай, Лесное және Новонежинка ауылдарының балаларына жыл сайынғы «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы аясында мектеп формасы, оқу құрал-жабдықтары, рюкзак пен кеңсе тауарлары бар жиынтықтар үлестірілді.