Жаңалықтар

2017 жылғы мереке күндері

ашық дереккөзі

2017 жылғы мереке күндері

7 қаңтардағы православиелік Рождество және Құрбан айттың алғашқы күні жұмыс күндері мен ауысу кестесіне (вахта кестесі) түскенімен, демалыс күні болып есептеледі, алайда, бұл күндер мереке күндері болып есептелмейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына сәйкес демалыс және мереке күндері бір күнге келсе, мереке күндерінен кейінгі күндер демалыс болып есептеледі. Ал 7 қаңтардағы православиелік Рождество және Құрбан айттың алғашқы күні бұл заңда көрсетілген ұлттық және мемлекеттік мереке күндерінің тізіміне кірмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні. Ал  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мерекелеріне келесі күндер кіреді: Жаңа жыл — 1-2 қаңтар; Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз; Наурыз мейрамы — 21-23 наурыз; Қазақстан халықтарының бірлігі күні — 1 мамыр; Отан қорғаушылар күні — 7 мамыр; Жеңіс күні — 9 мамыр; Астана күні — 6 шілде; Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — 30 тамыз; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні — 1 желтоқсан.