Алматыда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Мешіттегі ұрлықты Әуезов ауданының полицейлері ашты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері 42 жастағы жұмыссыз азаматты ұстады.
«В. есімді азаматтың ұрлық жасап жатқан жері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шегушінің айтуынша, қаладағы мешіттердің бірінде намаз оқу кезінде телефонын еденге, аяғының астына қойған. Намаздан кейін затының жоғалғанын байқады. Күдікті сол күні ұсталды. Ұрланған IPhone ұрының қолында болды. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деді Әуезов ауданы ПБ қарасты полиция бөлімінің басшысы Елнұр Құдретбаев.