Бауыржан Жақып, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары: Саяси реформа жүргізудің нақты қадамдары

Бауыржан Жақып, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары: Саяси реформа жүргізудің нақты қадамдары

Бауыржан Жақып, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары: Саяси реформа жүргізудің нақты қадамдары
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жол­дауын бастан-аяқ зейін қойып тың­дадық. Көптеген тосын да тың мә­се­лелер қозғалды. Ең бастысы – биылғы күз­де кезектен тыс Президент сайлауы, ал келер жылдың алғашқы жар­ты­сын­да Парламент және мәслихаттар сай­лауы өткізілетіні. Бұл әрине, елі­міз­дегі саяси реформаларды жүргізудегі нақ­тылы қадамдар деп білемін. Бізге қа­зір ішкі дау да, сыртқы жау да керек емес. Ең бастысы – ел тыныштығы мен бір­лі­гін сақтай отырып, алға қарай әді­летті қоғам құру жолында дами беру. «Пат­шада қырық адамның ақыл-ай­ласы болады» деуші еді қариялар. Осы тұрғыдан келгенде, Президенттің бұл ойларының астарында біз біле бер­мей­тін басқа да жағдаяттар болуы мүм­кін. Негізінен халық сайлаған Мем­­лекет басшысының батыл бас­та­ма­­ларын қолдаудан ұтылмасымыз анық. Қазақстан бай мемлекет екенін бү­кіл әлем біледі. Енді сол ұлттық бай­лы­ғымызды өз қажетімізге жарататын күн де алыс еместігін балалардың есеп шоты ашылып, оған кәмелет жасына тол­ғанша қаржылай үлес түсіп тұра­тынын іске асыру керектігі ай­тыл­ғанда, баршамыз қуанғаны­мызды жа­сыра алмаймын. Жемқорлық жол­мен табылған заңсыз қаражат мем­ле­кетке қайтарылып, соның есебінен заманауи мектептер салу қажеттігі де кө­кейге қонады. Студенттерді толық жа­тақханамен қамту, әйелдердің зей­нет жасының 61 болып белгіленуі, үш ауысымды мектептердің болмау керек­тігі, жастарды жұмыспен қамту үшін олардың кәсіппен айналысуына 2,5 пайыз мөлшерінде несие беру, қаңтар қырғынына қатысқандарға бір реттік амнистия жариялау, бала күтіміне 1,5 жасқа дейін жәрдемақы төлеу сияқты нақты шешімдердің қабылдануына пәр­мен берілді. Мұның бәрі дерлік ха­лықтың әл-ауқатын көтеруге бағыт­талған іс-шаралар екенін ел-жұрт терең түсінеді деп ойлаймын. Өйткені жуық арада нақты нәтижелерге куә бо­ламыз. Жастар арасында есірткіге бой алдыру фактілеріне батыл тос­қауыл қою міндеті айқындалды. Жер­гілікті жолдарды жөндеуге назар ау­да­рып, еліміз инфрақұрылымын дамыта түсу, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы құрылықтық дәліз рөлін ат­қаруынан түсім түсіру мәселесіне де көңіл бөлінді. Осы Жолдауда көрсе­тіл­ген бағыттардың жүзеге асуы үшін бар­ша қазақстандық Президент төңірегіне топтасып, ел бірлігі мен бо­лашағы үшін аянбай еңбек етеді де­ген сенімдемін!