Қызан ауылындағы мектепте «Street workout» спорт алаңы салынды

Қызан ауылындағы мектепте «Street workout» спорт алаңы салынды

Қызан ауылындағы мектепте «Street workout» спорт алаңы салынды
ашық дереккөзі
«АМАNAT» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне Қызан ауылының тұрғындары келіп мәселелерін айтты.   Қабылдауда тұрғындар Ә. Жангелдин атындағы мектебіне балалар ойнайтын спорт алаңын салып беру туралы өтініш білдірді. «АМАNAT» партиясының Маңғыстау аудандық филиалына қарасты Қызан ауылының әкімі Қ. Сүлейменовтің бастамасымен балалар жылына орай жастардың және оқушылардың салауатты өмір салтын сақтауы үшін «Ә. Жангелдин мектебіне» «Street workout» спорт алаңы салынды. Қызан ауылының тұрғындары мен мектеп оқушылары өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.