Медициналық университеттің жетінші курс студенті білім грантына ие болды

Медициналық университеттің жетінші курс студенті білім грантына ие болды

Медициналық университеттің жетінші курс студенті білім грантына ие болды
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясы Қарақия аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Көшенов филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың мәселесін тыңдады. Қабылдауға Құрық ауылының тұрғыны Ұлмекен Мухамбекова келіп, қызы Ізтұрғанова Шолпанға Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы медициналық университеттің 7-курсын оқуы үшін 1 млн теңге қаржылай немесе грант алып беруді сұрап, өтініш білдірді. Өз кезегінде партия филиалының атқарушы хатшысы Қ.Көшенов өтініш білдірушінің тұрмыстық жағдайын ескеріп, оқу ақысын мемлекет тарапынан көмек көрсетілуі үшін Маңғыстау облыстық Білім басқармасына хат жолдады. Нәтижесінде жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның 17 тамыздағы шешімі негізінде ВА86 «Жалпы медицина» С.Ж.Асфендияров атындағы медициналық университетінің күндізгі оқу нысаны бойынша Ізтұрғанова Шолпан Құралханқызы білім грантының иегері болып табылды. Аианат Қарақия ауданы  width= width=  width=