Жаңалықтар

Атырауда полицейлер 5-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Атырауда полицейлер 5-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды (ВИДЕО)

Атыраулық полицейлер 5-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды деп хабарлады turkystan.kz рolisia.kz-ке сілтеме жасап. 7 қыркүйек күні сағат 16:16 шамасында 102 операторына вокзал маңы ықшамауданы Берғалиев көшесінде орналасқан үйдің 32 жастағы тұрғыны хабарласқан. Айтуынша, анасы пәтер есігін ішінен құлыптап алған. Аталған хабарлама бойынша №2 қалалық полиция бөлімінің №10 учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына жедел жетіп, пәтер есігін ашқан. Пәтер ішінде 5-қабат терезесінен сыртта орналасқан салқындатқыш үстінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматшаны көріп, дереу құтқарып қалды. Қала тұрғынын өлімнен аман алып қалған қос полиция капитаны Қобылан Мамитин мен Нұрсұлтан Абитовтың айтуынша, олар үшін әр секунд маңызды болған. Полицейлер тез шешім қабылдап әрекет еткен.