Жаңалықтар

Балаларға арналған мультфильмдерде біржыныстыларды насихаттау басталды ма?

ашық дереккөзі

Балаларға арналған мультфильмдерде біржыныстыларды насихаттау басталды ма?

«Пеппа-торай» мультфильмін білмейтін бала, ата-ана жоқ шығар? Әрине, күнделікті өмірде біріміз көреміз, біріміз мән бермейміз, бірақ аталған торайлар туралы мультфильмді миллиондаған балалар көреді: АҚШ, Ұлыбритания, Австралия және басқа да елдер бар. Мультфильм әр елде өзінің тілінде аударылып, балаларға жол тартқан. Өткен аптаның сейсенбісінде мультфильм авторы көрермендерінің қызу талқысын тудыратын эпизодты телеарналардан бермегенде бәрі басқаша болар ма еді. Алайда экранға шығып кеткен мультфильмде біржынысты отбасының өмірі берілген. Тіпті бұл эпизодты да «Отбасы, және ондағы Пеппаның жаңа құрбысы, Пенни поляр қонжығы, оларға өзінің ата-анасы туралы айтып береді» деп аталады. «Мен өзімнің анаммен және басқа тағы бір анаммен тұрамын, – деп түсіндіреді Пенни. – бір анам дәрігер, өзгесі спагетти дайындайды». Пеппа-торай және оның достары деп аталатын сериал 2004 жылдан бері көрерменге жол тартып келеді. Алайда 18 жылдан кейін біржынысты ата-ана туралы эпизоды пайда болды. Авторлардың мұндай шешімге келуіне екі жыл бұрын жарияланған петиция әсер еткен болуы мүмкін. Онда 24 мың адам Пеппа мультфильміне біржынысты отбасын көрсету керек деген талаппен қол қойған.