Қостанайдағы өрт: «Қайырымдылық KZ» қорына қанша қаражат жиналғаны айтылды

Қостанайдағы өрт: «Қайырымдылық KZ» қорына қанша қаражат жиналғаны айтылды

Қостанайдағы өрт: «Қайырымдылық KZ» қорына қанша қаражат жиналғаны айтылды
ашық дереккөзі
Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға көмек беруге арналған бірыңғай қоғамдық қорға 491,6 млн теңге жиналды. Бұл туралы Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қор өкілі Батырбек Ахметов айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«7 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, қорға 491 614 000 теңге түсті. Оның ішінде ірі көлемдегі қаражат аударған кәсіпорындар бар. Мәселен, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС – 70 млн, «PetroRetail» ЖШС – 50 млн және «Арип-Агро» ЖШС 5 млн теңге аударды», - деді «Қайырымдылық KZ» қорының өкілі Батырбек Ахметов.
Оның айтуынша, құрылған арнайы комиссия тұрғындардың шығынын есептейді. Кейін сол деректерге сәйкес, зардап шеккен халыққа қаражат беріледі. Қордың тағы бір өкілі Гүлмира Амагелдіқызы қажеттіліктер өтелгеннен кейін артылатын ақша ауданды көгалдандыруға бағытталатынын айтты.
«Жиналған ақшаның басым бөлігі өртеніп кеткен мүліктің орнын толтыруға және Әулиекөл ауылындағы инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталады. Егер ақша артылып жатса, онда ол қаржы ауданды көгалдандыру жұмыстарына бөлінеді», - деп атап өтті Гүлмира Амагелдіқызы.
Еске салсақ, Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өрті 2 қыркүйек күні басталды. Барлығы 2091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын жарақат алды. Бір адам көз жұмды. Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты шаралар кейінге шегерілді. Өрт болған өңірге Президент Қ.Тоқаев барып, зардап шеккен тұрғындарға Үкімет екі айда бұрынғыдан да жақсы үй салып беретінін айтты. Соңғы мәлімет бойынша, өрт салдарынан 18 кәсіпкердің бизнесіне шығын келді.