Н. Нығматулиннің әуежайда жүрген фотосы жарияланды

7 қыркүйек, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Н. Нығматулиннің әуежайда жүрген фотосы жарияланды Нұрлан Нығматулиннің әуежай терминалында тұрған фотосы интернет қолданушылары арасында қызу талқыға түсті деп жазды turkystan.kz.
«Бүгін таңертең Нұр-Сұлтан әуежайының халықаралық терминалында Дубайға ұшып бара жатқан Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің суреті тарауда. Астанада бұрынғы әріптестерімен «сырға салу» мәселесін реттеп тастап кетіп бара жатса керек», - деп жазған ulys.kz телеграм арнасы.
Айта кетейік, бұған дейін Нығматулин, Жақсыбеков және Мәмин үшктігінің астанадағы дәмханалардың бірінде әңгіме айтып отырған фотосы тарап кеткен еді.