Президент кубогінің 3 дүркін чемпионы Бейбіт Жукаевтан ұтылып қалды

Президент кубогінің 3 дүркін чемпионы Бейбіт Жукаевтан ұтылып қалды

Президент кубогінің 3 дүркін чемпионы Бейбіт Жукаевтан ұтылып қалды
ашық дереккөзі
Қазақстандық Бейбіт Жукаев Нонтабуриде (Таиланд) өтіп жатқан ATP Challenger Tour Bangkok Open 3 турнирін жеңіспен бастады деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап. Дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Жукаев алғашқы айналымда әлемнің 331-ракеткасы, Қазақстан Президенті кубогінің үш дүркін чемпионы, ресейлік Евгений Донскоймен кездесті. Қазақстандық теннисші тартысты матчта 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Екі сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Жукаев 7 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 9 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті. Ақтау теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін әлемнің 242, жарыстың 1-ракеткасы, жапониялық Есукэ Ватанукимен сайысқа түседі. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 250-ракеткасы Тимофей Скатов Севилья (Испания) челленджер додасының екінші айналымына шықты. Ол бастапқы кездесуінде әлемнің 208-ракеткасы, италиялық Рауль Бранкачионы 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Скатов дүниежүзілік рейтингте 408-сатыда тұрған испаниялық Хавьер Косано Барранкомен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.