Үстіне бетон плитасы құлаған жұмысшы қаза тапты

Үстіне бетон плитасы құлаған жұмысшы қаза тапты

Үстіне бетон плитасы құлаған жұмысшы қаза тапты
ашық дереккөзі
Павлодар облысында бетон плитасы құлап кеткен құрылысшы алған жарақаты салдарынан қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. «2022 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 12:21-де полицияға Ақсу ауданы Қалқаман ауылында болған қайғылы оқиға туралы қоңырау түсті. Белгілі болғандай, Промышленная көшесі, 1 мекен-жайында құрылыс жұмыстарын жүргізген ЖШС-тің 25 жастағы қызметкерінің үстіне үйдің бетон қоршауы құлаған», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. Жас жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Полицейлер жұмыс орнында болған оқыс жағдайға байланысты тексеріс жүргізіп жатыр.