Жаңалықтар

Кеңсай зиратындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

ашық дереккөзі

Кеңсай зиратындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы қаласындағы Кеңсай зираты аумағында болған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады. Бұл туралы қалалық ТЖД басшысының орынбасары Самат Асаинов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Кеше Алматыдағы Кеңсай зираты аумағында өрт шықты. Қазіргі уақытта Медеу аудандық прокуратура қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жұмысы жүріп жатыр», - деді Самат Асаинов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Өрттен адамдар зардап шекпеген, материалдық шығын келмеген. Өрттен 60 зират бүлінген.