Алматыда Көктөбе маңындағы өртке себеп болған ер адам ұсталды

Алматыда Көктөбе маңындағы өртке себеп болған ер адам ұсталды

Алматыда Көктөбе маңындағы өртке себеп болған ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда бейнекамералар мен куәгерлік айғақтардың көмегімен Бостандық ауданында болған өртке кінәлі күдікті ер адам анықталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Ол 1968 жылы туған азамат. Ол от жаққанын мойындады. Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан. Бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.