Қазақстандық актер кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды
Қазақстандық актер кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды
Қазақстандық актер және аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокста дебюттік жекпе-жегін өткізеді деп хабарлады turkystan.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Менеджер Зия Алиев өзінің Instagram парақшасында осындай ақпаратпен бөлісті. Еркебұланның жекпе-жегі 2 қазанда Алматыдағы бокс кешінде өтеді. Қарсыласының кім екені әлі белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, жақында өткен NOMAD Fighting Championship турнирінде Тоқтар отандасы Анвар Икрамовпен кездесіп, жеңіске жетті.
Еркебұлан Тоқтар спорттан тыс уақытта актерлік қырынан танылып жүр.