Мәжіліс Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды қолдады

Мәжіліс Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды қолдады

Мәжіліс Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды қолдады
ашық дереккөзі
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заң жобасын мақұлдады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Атап айтқанда, осы бастама «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында қамтылған.
«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қатысты өзгерістер осы заң жобасына енгізілген. Яғни 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ескерілген. Бұдан басқа, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды», - деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.
Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын талқылап, құжатты мақұлдады.