Жаңалықтар

Әулиекөлде «Жастар Рухының» 300-ден астам волонтері жұмыс істеп жатыр

ашық дереккөзі

Әулиекөлде «Жастар Рухының» 300-ден астам волонтері жұмыс істеп жатыр

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты жасақтаған волонтерлік топтар Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен және эвакуацияланған тұрғындарға көмек көрсетіп, белсенді жұмысын жалғастырып жатыр. «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, Әулиекөл ауданына еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам ерікті келді. Волонтер Райымбек Бақытжанов Қостанай облысына елордадан келді. Ол апат туралы ести сала бірден ерікті ретінде баруға шешім қабылдағанын айтты. «Жүк тиелген көліктер сағат сайын келіп жатады, ұйықтамай, демалмай жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ ерікті болудың басты қасиеті де осы. Себебі біз адамдарға нақты іспен көмектесеміз. Сондықтан мүмкіндігім бола салысымен осында еш ойланбастан келдім. Біз мұнда көмек қолдауымыз қанша қажет болса, сонша уақытқа дейін жұмыс істейміз», - деді ол.