Жаңалықтар

Катонқарағай ауданындағы орман аймағы өртеніп жатыр (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Катонқарағай ауданындағы орман аймағы өртеніп жатыр (ВИДЕО)

6 қыркүйекте Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылынан 8 шақырым жердегі «Большенарым орман шаруашылығы»КММ және Ново-Березовка орманшылығының аумағында орман аймағында алдын ала болжам бойынша 40 га алаңда құрғақ шөп, бұта өртенді. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, 60-тан астам полиция қызметкерлері мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. 7 қыркүйек күні таңертең қосымша орман шаруашылығының 30 қызметкері көмекке жіберілді.