Қостанай облысындағы қазіргі жағдай

Қостанай облысындағы қазіргі жағдай

Қостанай облысындағы қазіргі жағдай
ашық дереккөзі
Қостанай облысындағы ТЖМ жедел штабы табиғи өртке қатысты бүгін сағат 8.00-дегі деректерді жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Ондағы мәліметтерге қарағанда, елді мекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер қалмаған, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Төрт аумақта (Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдары) қарауылдау шаралары ұйымдастырылған. Аздаған жаңбыр жауғандықтан, ауа ылғалдығы күшейді.
«Озерное, Лесное және Аманқарағай ауылдарында жағдай тұрақталды. Озерное, Аманқарағай ауылдарында тек локальды өрт ошақтарының бықсуы байқалады. Өрт сөндіру басталған сәттен бастап тікұшақтар әуеден 243 рет су шашты. Күштер мен құралдар негізгі жұмыс жүргізетін Бағаналы аудандарына қайта топтастырылды, онда жерді жырту жұмыстарын жүргізу үшін Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың инженерлік техникасы да жұмылдырылады», - делінген хабарламада.
Өрт басталғаннан бері барлығы 2091 адам эвакуацияланды (3 қыркүйекте Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарынан - 1841 адам, 5 қыркүйекте Бағаналы ауылынан Қазанбасы ауылына - 250 адам). Әулиекөл орта мектебінің (21 адам), мектеп-интернатының (1 адам), Қазанбасы орта мектебінің (20 адам) эвакуациялау пунктінде 42 адам, оның ішінде 14 бала бар. Эвакуацияланғандардың негізгі бөлігі өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарының үйінде.
«Барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті: 85-і Аманқарағай ауылында және 6-ауы Озерный ауылында. Учаскелердегі өртті сөндіруге құрамында ТЖМ, ІІМ ҰҰ, Қостанай қаласындағы академиясының, Қорғаныс министрлігінің, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары: 79 бірлік техника, 6 әуе кемесі, 2 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 721 адам тартылды. 12 адам (7 тұрғын: кәмелеттік жасқа толмаған бір адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік, улану алды, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты» деп жазды жедел штабтан.
4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы - 107 257 гектар.