Жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің премьерасы өтті

ашық дереккөзі

Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің премьерасы өтті

Қазақтың көрнекті ағартушысы, ғалым, қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай түсірілген деректі фильм таныстырылды деп хабарлады turkystan.kz. «Ұлттың рухани көсемі» кинокартинасы Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған мерекеде көпшілікке ұсынылды. Фильм Ахмет Байтұрсынұлының Қарқаралы ауданындағы өмірі мен жұмысы туралы баяндайды. Түсірілім Ақтерек ауылында өтті. «Деректі фильм – Мәдениет, архивтер және құжаттама және тілдерді дамыту басқармаларының, Saryarqa телеарнасы мен біздің кинотеатрдың бірлескен жобасы. Фильмде Ахмет Байтұрсынұлының осы ауылдың мектебінде сабақ берген кезіндегі өмірі көрсетілген. Ол, сонымен қатар, осы оқу орнының негізін қалаушы және құрушысы. Қазір бұл мектеп тарихи-мәдени мұра объектісі мәртебесін алды және мемлекеттің қорғауында. Ал жанында Ахмет Байтұрсыновтың есімімен аталатын жаңа мектеп салынды», - деді «Сарыжайлау» кинотеатры директорының орынбасары Ноян Жүнісов. Екі күнге созылған түсірілімге Ақтерек ауылының тұрғындары қатысты. Олардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің мұғалімдері мен балалары бар. Сондай-ақ, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ театрының кәсіби актерлері тартылды. Ахмет Байтұрсынұлының рөлін Ахай Жұмамұратов ойнады. Жақын арада 30 минуттық картина Saryarqa телеарнасында көрсетіледі және басқармалардың әлеуметтік желілерінде қолжетімді болады. «Сарыжайлау» кинотеатры бұл фильммен Ақтерек ауылына барады.