Қостанайдағы өрт: елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

Қостанайдағы өрт: елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

Қостанайдағы өрт: елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ
ашық дереккөзі

Әулиекөл ауданындағы өрт басталғаннан бері 2091 адам эвакуацияланды деп хабарлады turkystan.kz.

Айта кетейік, 6 қыркүйек күні таңертең жүргізілген барлау жұмыстарынан соң, негізгі күш пен техника Бағаналы ауылына бағытталды. Оған Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың инженерлік техникасы да жұмылдырылды.
«Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарында қарауылдау ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілуде. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ. Қазіргі таңда қалдық от ошақтары сөндіріліп жатыр», - деп мәлімдеді ҚР ТЖМ жедел штабынан.