Сот үкімімен келіспеген ер адам өзін-өзі өртемек болды

Сот үкімімен келіспеген ер адам өзін-өзі өртемек болды

Сот үкімімен келіспеген ер адам өзін-өзі өртемек болды
ашық дереккөзі
Елордада орналасқан Министрліктер үйінің жанында ер адамның өзін-өзі өртемек болған әрекетін қалалық ПД-ның жедел басқару орталығындағы қызметкерлер бейнебақылау камералары арқылы байқап қалған деп хабарлады turkystan.kz.
«Семейде шығарылған сот үкімімен келіспеген 37 жастағы ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болған. Оқиға куәгерлері мен полицейлер қайғылы жағдайды болдырмады»  деп жазды Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram арнасы.
Оған медициналық көмек көрсетілді. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.