Автобуста қалып қойған 3 жасар жапон қызы қайтыс болды

Автобуста қалып қойған 3 жасар жапон қызы қайтыс болды

Автобуста қалып қойған 3 жасар жапон қызы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Кеше Токионың оңтүстік-батысындағы Сидзуока ауданында балабақшаға тиесілі автобуста 5 сағаттан астам қамалып қалған 3 жасар қыз қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Өрт сөндіру бөлімінің мәліметі бойынша, Чайна Кавамото аптап ыстықтың кесірінен қайтыс болған. Полиция аталған істі тексереді. Белгілі болғандай, автобус балабақшаға таңғы сағат 8:50 шамасында келген. Ал қызметкерлер қызды автобус ішінде 14:10-дар шамасында ес-түссіз жатқан күйде тапқан. Кейінірек баланың қайтыс болғаны белгілі болды.