Көктөбедегі өрт сөндірілді

Көктөбедегі өрт сөндірілді

Көктөбедегі өрт сөндірілді
ашық дереккөзі
Медеу ауданында Жәнібеков көшесінің бойында тау бөктерінде құрғақ шөп өртенді. Алдын ала ақпарат бойынша, өрт шалған аумақтың көлемі 3 гектар деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Өртті сөндіру жер бедерінің күрделі рельефіне, желдің күшеюіне және күннің қараңғы болуына байланысты қиындады. Қабылданған жедел шаралардың арқасында сағат          20:22-де өрт оқшауланып, сағат      20:35-те толықтай сөндірілді», - деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінен.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 17 өрт сөндіру техникасы мен су шашатын көліктер және жеке құрамнан 130 адам жұмыс істеді. Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы тауларынан көрінген түтіннің видеосы жарияланған болатын. Қалалық ТЖД баспасөз қызметі өрт шалған аумақтың алдын ала есептелген көлемі 1,5 гектар болатынын жеткізді. Кейін өрт жекеменшік үйлерге қарай жылжығаны белгілі болды, бірақ құтқарушылар қауіпті оқшаулай алды.