«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының басшысы қызметінен босатылды
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов қызметінен босатылды деп хабарлады turkystan.kz.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ның жалғыз акционері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйекте басқарма төрағасы Ғабит Қалиұлы Тәжімұратовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып Басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды», - деп жазылған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің
хабарламасында.