Жаңалықтар

Үш күнде қостанайлықтарға 1200 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

ашық дереккөзі

Үш күнде қостанайлықтарға 1200 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

Елімізде өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр. Небары үш күнде аманаттықтар 1214 тонна гуманитарлық көмек жинады. Бұл – азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина азық-түлік пен киім-кешек жеткілікті мөлшерде жиналғанын атап өтті. Қазір ең көп сұраныс құрылыс материалдарына қатысты болып отыр. Көмек жинауға белсенді атсалысқандары үшін партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов ақтөбеліктерге алғысын білдірді. «Игі іске қол ұшын созған адамдардың қарасы қалың. Осынау сын сағатта ауызбіршілігімізді танытып, ынтымақтаса әрекет етіп жатырмыз. Әркім ортақ іске өз үлесін қосқысы келеді. Қөмек қолын созған адамдардың барлығына алғыс айтамын», – деді ол.