Шымкентте ІТ маманы 200 ноутбук ұрлап, құмар ойынға жұмсаған

Шымкентте ІТ маманы 200 ноутбук ұрлап, құмар ойынға жұмсаған

Шымкентте ІТ маманы 200 ноутбук ұрлап, құмар ойынға жұмсаған
ашық дереккөзі
Шымкенттегі мектептің ІТ маманы оқушыларға арналған ноутбуктерді саудалап, түскен пайданы құмар ойынға жұмсап жіберген деп хабарлады turkystan.kz. Оtyrar.kz-тің жазуынша, ол бес айдың ішінде 200-ден астам техниканы қолды еткені белгілі болды. Шығын 35 миллион теңгеден асады. Ер адам ноутбуктерді ломбардқа өткізіп, кейбірін өзі сатып жібергенін мойындады. Мектеп директоры бұл жайтты оқу жылының соңында мүлікті түгендеу кезінде білгенін айтады. 28 жастағы күдікті кінәлі деп танылып, сот үкімімен жеті жарым жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ шығынды толығымен өтеуге міндеттелді.