Асқар Мамин желіде тараған суретке қатысты пікір білдірді

Асқар Мамин желіде тараған суретке қатысты пікір білдірді

Асқар Мамин желіде тараған суретке қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Бұрынғы Премьер-министр Асқар Мамин бұған дейін әлеуметтік желіде тараған Нұрлан Нығматулинмен және Әділбек Жақсыбековпен бірге түскен суретке қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.
«Расымен де, өткен жексенбі, 2022 жылдың 4 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта жақын туыстарымның ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүріне сай "Сырға салу" рәсімі өтті. Бұл суретке қатысты кейбір БАҚ беттерінде айтылған болжамдарды мен орынсыз және арандатушылық деп санаймын», - деді Мамин.
Ол, сондай-ақ, қазір еліміз өзінің дамуының, оның ішінде саяси трансформацияның тарихи кезеңінде тұрғанын атап өткен.
«Осы себепті осындай шешуші кезеңде Мемлекет басшысының айналасына топтасып, арандатушылар мен деструктивті ойы бар адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеу керек деп есептеймін», - деді ол.