ҰБТ-2022: 137 түлектің гранты жарамсыз деп танылды

ҰБТ-2022: 137 түлектің гранты жарамсыз деп танылды

ҰБТ-2022: 137 түлектің гранты жарамсыз деп танылды
ашық дереккөзі
ҰБТ-дағы видеоларды тексергеннен кейін 137 тестіленуші грантынан айырылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазіргі таңда бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 153 тестіленушінің ҰБТ нәтижелері жойылды, олардың 137-сі - білім беру грантының иегерлері.  Тиісті шараларды қабылдап, ереже бұзушылардың грант туралы куәліктерін жарамсыз деп таныдық», -  деді Руслан Емелбаев.
Аталған фактілер бойынша ҰТО қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерістер жүргізіліп, жұмыстардың одан әрі жалғасуы үшін тиісті мемлекеттік органдарға хаттар жолданып жатыр.
«Биыл 327 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ережелерді бұзғаны үшін тестілеу кезінде аудиториядан 322 адам шығарылды» деп жазды ол.