Вьетнамдық асқазанында қалып қойған қайшыны 18 жыл бойы байқамаған

Вьетнамдық асқазанында қалып қойған қайшыны 18 жыл бойы байқамаған

Вьетнамдық асқазанында қалып қойған қайшыны 18 жыл бойы байқамаған
ашық дереккөзі
Вьетнамның Тхайн-гуен провинциясында таңғаларлық оқиға болды. Дәрігерлер 54 жастағы тұрғынға ота жасау кезінде оның асқазанында 18 жыл бұрын қалып қойған хирургиялық қайшыны алды, деп хабарлайды 24.kz. Науқастың асқазанындағы бөгде зат кездейсоқ табылған. Ер адам аяқ астынан жол апатына ұшырап, ауруханаға түседі. Жапа шегуші рентгеннен өткенде ішінде қайшы бары анықталған. Науқастың айтуынша, ол 1998 жылы тағы бір жол апатына ұшырап, операция жасалған. Бірақ іші соңғы кезде ғана бүріп ауырыпты. Ал кінәлі ақ халаттылардың табылмайтын түрі бар.Өйткені Вьетнамда емделушінің қағаздары 15 жыл ғана сақталады.