2016 жылы Иракта 6800 бейбіт тұрғын ажал құшты

2016 жылы Иракта 6800 бейбіт тұрғын ажал құшты

2016 жылы Иракта 6800 бейбіт тұрғын ажал құшты
ашық дереккөзі
Иракта 2016 жылғы қақтығыстардан 6 800 бейбіт тұрғын ажал құшты. Тағы 12 мыңнан астамы жарақат алған. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Иракқа көмек көрсету жөніндегі миссия өкілдері хабарлады. Қазір Мосул қаласын «Ирак пен Левант лаңкестік тобынан» азат ету шаралары жүріп жатыр. Содырлар бұл шаһарды 2014 жылы басып алған еді. Операция былтырғы қазан айында басталды. Жергілікті әскерге АҚШ бастаған халықаралық коалиция авиациясы қолдау көрсетуде. Айта кетейік, «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» - бүгінгі таңда әлемдік қауіпсіздік үшін басты қатерлердің бірі. Соңғы 3 жылда экстремистік ұйым Ирак пен Сирияның біраз жерін жаулап алды. Ирактың Мосул қаласында әскери операцияның екінші сатысы басталғалы тұрғындардың 50%-ы өзге жаққа жер аударған. Бұл туралы БҰҰ хабарлады. Айта кеткен жөн, «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» астанасы саналатын қаланы жаудан тазарту шарасы 2016 жылдың 17 қазанынан бері жүргізіліп келеді. Ал, 29 желтоқсанда әскери іс-қимылдардың екінші сатысы басталған. Сол уақыттан бері Мосулдан 13 мың тұрғын кетіп қалған. Ал, елді мекенді жаудан тазарту шарасы жүргізіліп жатқан 2 жарым ай ішінде босып кеткен халық саны 130 мыңға жеткен. Қазір шаһардың шығысындағы аудандардың көп бөлігі лаңкестерден азат етілген. Негізі жоспар бойынша ол биыл жазға дейін толығымен үкімет жасағының бақылауына өтуі тиіс.