Жаңалықтар

Президент Германияның экономикалық делегациясын қабылдады

ашық дереккөзі

Президент Германияның экономикалық делегациясын қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Германия Үкіметі мен бизнесі өкілдеріне ілтипат білдіре отырып, еліміз энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім, ғылым және техникалық бағыттағы кадрларды даярлау сияқты негізгі салалар бойынша серіктестікті тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Үкімет 800 әлеуетті инвестициялық жобадан құралған жобалар пулын дайындады. Сондай-ақ Қазақстан Германия компанияларын елімізге тарту үшін қолайлы жағдай жасауға дайын.