Сәрсенбі, 7 Желтоқсан, 2022

Дәл қазір Қостанайдағы жағдай қалай?

Қостанай облысында өрт бесінші күннен бері сөндіріліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі Жедел штабының сағат 8:00-дегі мәліметінше, елді мекендерге төнген қауіп сейілді деп хабарлады turkystan.kz.

«Елді мекендерге төнген қауіп жойылды, аумақтарда ашық өрт жоқ, жекелеген сынықтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде, әр елді мекенде күзет ұйымдастырылуда. Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылында өрттің белсенді шеті жоқ. Аздаған жаңбырдың әсерінен қоршаған орта ылғалдылығының жоғарылауы бар. Сағат 7:30-дан бастап өрт ошақтары аумағын тікұшақпен ұшып өту жоспарланды», – делінген хабарламада.

Өртті сөндіру басталғаннан бері тікұшақ техникасымен 137 рет су шығару жұмыстары жүргізілді. Өртті сөндіру жалғасуда.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button