Жаңалықтар

Қылмыс жасаған енесі мен келіні абақтыда жазасын бірге өтеп жатыр

ашық дереккөзі

Қылмыс жасаған енесі мен келіні абақтыда жазасын бірге өтеп жатыр

Енесі мен келіні қаржылық пирамида құрғаны үшін сотталып, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының колониясында жазаларын өтеп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Колонияға келген кезде келіні жүкті болды, колония қызметкерлері оған бар мүмкіндікті жасап, әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізді. Қазіргі уақытта сотталған әйел мен баласы колония қабырғасында мекеме қызметкерлерімен дайындалған арнайы бөлмеде тұрып жатыр. Сондай-ақ олар қажетті тағамдық қоспалармен, жөргектермен және киіммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар сотталушының жанында оның қайын енесі бар. «Ол оған барлық жағынан көмектесуде. Бала медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер баланың құжатын рәсімдеумен айналысуда», - деді ЕЦ- 166/10 мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Жакишев Марат. Айта кетмек, мессенджер арқылы енесі мен келіні ірі компанияның қызметі аясында алаяқтық схеманы ұйымдастырып, қаржы пирамидасын құрған. Олар жарна сомасынан екі есе дерлік пайда табуға уәде береді. Салымшылар жерлестеріне сеніп ақша аударғанымен, алданғандарын артынан түсінген.