«Канело» Головкинді оңай жеңеді – Кристиан Мбилли

«Канело» Головкинді оңай жеңеді – Кристиан Мбилли

«Канело» Головкинді оңай жеңеді – Кристиан Мбилли
ашық дереккөзі
Жеңілмеген француз боксшысы Кристиан Мбилли (21-0, 19 КО) екінші орта санаттағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді және мексикалықтың Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегіне болжам жасады деп хабарлады  turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 9 қыркүйекте Монреальда (Канада) Мбилли екінші орта санаттағы WBC Continental Americas және WBA International титулдары үшін америкалық Деандра Уэйрмен (15-3-2, 9 КО) кездеседі. Камерун тумасы осы кездесудегі жеңісім мексикалыққа қарсы жекпе-жек өткізуге мүмкіндік береді деп ойлайды.
– Келесі жылы әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндігім болады деп үміттенемін. «Канело» Головкинді оңай жеңеді деп ойлаймын. Головкин тым кәрі. Мен оның соңғы жекпе-жегін көрдім, оның жылдамдығы жоқ, ал «Канело» қазір ең жақсы боксшы. Бұл Головкиннің соңғы жекпе-жегі болуы мүмкін. Барлық боксшы «Канеломен» кездескісі келеді.  Қазір менің де мақсатым осы. «Канело» осы жекпе-жектен кейін не істейтінін білмеймін. Ал біз осы кездесуді өткізгеннен кейін көреміз», – дейді Мбилли.