Тоқаев үстел теннисінен Азия чемпионы атанған Алан Құрманғалиевті құттықтады

Тоқаев үстел теннисінен Азия чемпионы атанған Алан Құрманғалиевті құттықтады

Тоқаев үстел теннисінен Азия чемпионы атанған Алан Құрманғалиевті құттықтады
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жастағы қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен Мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді»,- делінген Президент баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды.