Түркияда төтенше жағдай мерзімі тағы ұзартылуы мүмкін

Түркияда төтенше жағдай мерзімі тағы ұзартылуы мүмкін

Түркияда төтенше жағдай мерзімі тағы ұзартылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Түркияда төтенше жағдай мерзімі тағы 3 айға ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Бинали Йылдырым Әділет және даму партиясының жиынында мәлімдеді. Айтуынша, парламент аталған мәселе бойынша осы аптада нақты шешім шығарады. Естеріңізге саламыз, Түркияда 15 шілдедегі төңкеріс әрекетінен кейін төтенше жағдай жарияланған еді. Ал 19 қазанда ол 90 күнге ұзартылды. Түркияның қарулы күштері осы кезден елдің шығыс аймағындағы күрт жасақтарына қарсы ойсырата соққы беріп, Сирияның солтүстігінде «Евфрат қалқаны» әскери операциясын жүргізе бастады. Бинали Йылдырым, Түркия республикасының премьер-министрі: - Бүгін «Евфрат қалқаны» әскери операциясының жүріп жатқанына 133 күн болды. Осы уақыт ішінде соңғы ақпарат бойынша, «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» 1 270 содырының көзі жойылды. Құрықталғандармен қоса есептегенде бұл көрсеткіш 1 561 жетеді.