Жаңалықтар

Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі өтпейтін болды

ашық дереккөзі

Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі өтпейтін болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың (21-8-1) Украина атынан өнер көрсететін Зака Фатуллазадеге (19-12) қарсы айқасы өтпейтін болды деп хабарлады turkystan.kz. Жекпе-жек 10 қыркүйек күні Атырауда Mergen Fighting Championship промоушен турнирінде жоспарланған еді. Бұл жағдайды Хамитовтың қарсыласы Фатуллазаде түсіндіріп берді. «Құрметті жанкүйерлер, Қуат Хамитовпен жекпе-жек визамен қиындықтарға байланысты өтпейтіндіктен кешірім сұраймын! Бірақ Mergen FC бұл жекпе-жекті келесі турнирлерінде ұйымдастырып береді деп үміттенемін. Менің білуімше, келесі ивент қараша-желтоқсанға жоспарланып отыр. Мен Қуат Хамитовпен айқасуға дайынмын», - деді Фатуллазаде.