Ninety One тобы қостанайлықтарға қолдау білдірді

Ninety One тобы қостанайлықтарға қолдау білдірді

Ninety One тобы қостанайлықтарға қолдау білдірді
ашық дереккөзі
Ninety One тобы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы ұжым Іnstagram парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қостанай облысындағы жағдай бізді де алаңдатты…Расымен, осы уақытқа дейін өзге елдерде болған өртті естіп, алаңдаушы едік, «әлем халқы аман болсын» деуші едік. Ал өз елімізде осындай жағдай орын алғанда, мұның қаншалықты қиын екенін екі есе түсіндік. Қазір тілсіз жаудан зардап шеккендерге жан-жақтан көмек көрсетіліп жатыр. Көрсетілуі тиіс те. Осындайда ел болып, бірлігімізді көрсетуіміз керек. Біз, Ninety One тобы, сіздермен біргеміз! Өз ұжымымыздың атынан Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсетеміз. Еліміздің әр тұрғыны біз үшін қымбат!»  деп жазған.